Елордада ақын Жанат Әскербекқызының шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ақын Жанат Әскербекқызының шығармашылық кеші өтті

19.04.2016
Елордада ақын Жанат Әскербекқызының шығармашылық кеші өтті
Елордада ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жанат Әскербекқызының «Бұлт болып көшеді өлең» атты шығармашылық кеші өтті.

Шараға ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты. Кеш барысында қаламгердің өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған әндер шырқалды.

Туындылары орыс, қырғыз, түрік тілдеріне тәржімәланған ақын соңғы уақытта ғылымға да ерекше ден қойған. 20-ға тарта кітап пен 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы.


Нұржан СӘДІРБАЙ

Хабарламаларға жазылу