Қойлыбай Асановтың қос кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қойлыбай Асановтың қос кітабы жарық көрді

05.11.2014
Қойлыбай Асановтың қос кітабы жарық көрді

Есімі елімізге айтыс өнері арқылы танылған  арқалы ақын, ұстаз Қойлыбай Асановтың «Қойлыбайдың қобызы» (жыр жинағы) және «Аңызақ соңы ақ жауын...» (эсселер жинағы) атты қос кітабы жарық көрді.

«Қойлыбайдың қобызы» жыр жинағына ақынның әр жылдары жазылған өлеңдері мен  жыр-толғаулары, поэма-балладалары топтастырылған.

Автордың ата дәстүр, ұлттық рухты жырлаған толғаныстары жүрекке жылы әсер қалдырады. Ойы орамды, тілі шұрайлы, болмысы шымыр өлеңдер өскен өлке алдындағы перзенттік парыз бен адал махаббатты паш етеді.

Еске сала кетейік, 14 қараша күні Қарағандыдағы С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында ақынның «Бозторғай өлең - боз дала» атты  шығармашылық кеші өтеді.

Хабарламаларға жазылу