Қойлыбай Асановтың қос кітабының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қойлыбай Асановтың қос кітабының тұсаукесері өтті

14.11.2014
Қойлыбай Асановтың қос кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін Қарағанды қаласындағы «Саржайлау» кинотеатрында ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асановтың «Аңызақ соңы ақ жауын...» және «Қойлыбайдың қобызы» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер рәсіміне ақын Аманжол Әлтаев, Серік Ақсұңқарұлы, Бауыржан Жақып қатысты.

«Қойлыбайдың қобызы» жыр жинағына ақынның әр жылдары жазылған өлеңдері мен  жыр-толғаулары, поэма-балладалары топтастырылған. «Аңызақ соңы ақ жауын...» кітабы эсселер топтамасынан тұрады.

Тұсаукесер рәсімі  «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы ұсынған ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғибрат» деректі фильмімен ашылды.

Айта кетейік, бүгін С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында қаламгердің 50 жылдық мерейтойына арналған «Бозторғай өлең - боз дала» атты шығармашылық кеші өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу