Қарағандыда ақын Қойлыбай Асановтың шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда ақын Қойлыбай Асановтың шығармашылық кеші өтеді

24.10.2014
Қарағандыда ақын Қойлыбай Асановтың шығармашылық кеші өтеді

14 қараша күні Қарағандыда  айтыскер ақын Қойлыбай Асановтың «Бозторғай өлең - боз дала» атты шығармашылық кеші өтеді.

Мәдениет қайраткерінің 50 жылдық мерейтойына арналған шара С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында ұйымдастырылмақ.

Кешке республикаға танымал өнер қайраткерлерi қатысады.

Біздің анықтама:

Қойлыбай Дәулетханұлы Асанов 1964 жылы 10 қарашада Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,  Ақтау ауылында дүниеге келген.

1991 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

1993-1996 жылдары Қарағанды облыстық «Шипагер» газетінде бас редактор, облыстық «Замандас» жастар апталығы, «Орталық Қазақстан» газеттерінде тілші қызметін  атқарды.  

1994 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.  

1998 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті журналистика кафедрасында ұстаздық етіп келеді.  

Филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов «Жылымық жылдар жаңғырығы» (2004 ж.), «Е.А.Букетов - публицист» (2006 ж.), «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» (2010 ж.), «Сөз өнері және журналистика» (2012 ж.) атты зерттеу еңбектерінің авторы.

Хабарламаларға жазылу