«Айгөлек» республикалық балалар байқауының 6-маусымында «Дәстүрлі ән»номинациясының Гран-приін атыраулық Абзал Нұрланұлы жеңіп алды. Оған халықаралық байқауға жолдама берілді.
Ал бірінші орынды қызылордалық өнерпаз Сәндiбек Көркем, екінші орынды қарағандылықАружан Әмірбек, үшінші орынды астаналық Ақжан Құрманбай иеленді.
Ал, Ақтөбеден келген Әлішер Арғымбек «Айгөлек» байқауының дипломанты атанды.
Концерт алдағы уақытта «Балапан» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.