Астана қаласының әкімі «Жастар» театрына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының әкімі «Жастар» театрына барды

30.01.2015
Астана қаласының әкімі «Жастар» театрына барды

 

Спектакльдің режиссері – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Атаулы спектакль астаналық театр сүйер қауымның сүйікті қойылымы болып қана қоймай, әртүрлі халықаралық, республикалық театр фестивальдеріне қатысып, бірнеше дүркін Гран-при және арнайы номинациялардың иегері атанды. 2014 жылы өткен Орталық Азия халықтарының халықаралық театрлар фестивалінде Гран-при иегері атанды. Сонымен қатар осы қойылымдағы Хлестаков ролі үшін Дәурен Серғазин «Ең үздік ер адам бейнесі» сыйлығын иеленді.

Көптеген режиссер мен актер шығармашылығының қиялына ерік берген Н.Гогольдің «Ревизоры» Жастар театрының сахнасында өзгеше екпінмен, ерекше шабытпен театр әлеміне жол тартты.

Мұнда бірде-бір жағымды кейіпкер жоқ. Олардың бітім-болмысы көз бояушылықтан, жағымпаздықтан тұрады. Қойылым қоғамымыздағы осындай қайсыбір келеңсіздіктерді заманауи пайымдай отырып, өткір әжуалайды.

Хабарламаларға жазылу