Астанада аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының тұңғыш форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының тұңғыш форумы өтеді

11.11.2014
Астанада аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының тұңғыш форумы өтеді

9 желтоқсанда Астана қаласында «Қазақстандық БАҚ-тың қолдау және дамыту қайырымдылық қоры» «FORBES Kazakhstan» журналы және «ТАҢ» телеарнасының қолдауымен Қазақстанның аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының тұңғыш форумы өтеді.

Форумның мақсаты – барлық БАҚ өкілдері мен қазақстандық блогерлер үшін ортақ пікірсайыс алаңын құру.

Форум барысында Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі; тележаңалықтар мен сараптамалық бағдарламалар жасаудың қыр-сыры; журналистер мен БАҚ-тың заңмен қорғалуы, заңның қыр-сыры; мультимедиалық журналистика – түрлі медиалар үшін контент құрудың ерекшеліктері; онлайн-журналистика; заманауи БАҚ-тың жаңа технологиялық мүмкіндіктері; жарнама – БАҚ-тың негізгі табыс көзі. Жарнаманы дұрыс сату жолдары сынды тақырып аясында шеберлік сыныптары өтеді.

Форумның негізгі модераторлары - қазақстандық және ресейлік медиа кеңістіктің танымал майталман мамандары және журналистика мэтрлері.

Сондай-ақ, форум аясында халықтық IPO жайлы егжей-тегжейлі айтылады.

Медиа форумға қатысу туралы өтініш 2014 жылдың 20 қарашасына дейін мына электронды адрес бойынша қабылданады: mediaforum@tantv.kz.  

Хабарламаларға жазылу