Астанада аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының I форумы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының I форумы ашылды

09.12.2014
Астанада аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының I форумы ашылды

Форумның ашылу салтанатына ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Қазақстандық БАҚ-ын қолдау және дамыту қайырымдылық қоры» Корпоративтік қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Дархан Қалетаев қатысуда.

Шараға қатысушылар  «Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі», «Ақпарат көзіне сенім. Мемлекеттің, бизнес пен БАҚ-ның арақатынасы», «Жаңа технологиялар мен мүмкіндіктер», «Тележаңалықтар мен сараптамалық бағдарламалар дайындаудың ерекшеліктері», «Мультимедиялық журналистика – контент құрудың ерекшеліктері» тақырыптары бойынша пікір алмасады.

Олардың қатарында «ТАҢ» медиахолдингінің президенті Арманжан Байтасов, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова, «Астана» телеарнасының Бас директоры Ләззат Танысбай, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанындағы Жаңа медианы зерттеу тобының жетекшісі Асхат Еркiмбай бар.

Форум аясында шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

 

Хабарламаларға жазылу