Астанада «МEDIA EXPO-2014» көрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «МEDIA EXPO-2014» көрмесі өтуде

30.10.2014
Астанада «МEDIA EXPO-2014»  көрмесі  өтуде

Астанада республикалық  ақпарат құралдарының  «МEDIA EXPO-2014» көрмесі өтуде. Шараға еліміздің 30-ға тарта бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған шара биыл үшінші мәрте өтіп отыр.

Мақсат - отандық ақпараттық құралдар арасындағы бәсекелестікті дамыту мен телевизия және газет өнімдерін көпшілікке таныстыруға мүмкіндік туғызу.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу