«Астана Операда» «Камералық музыканың ХХ ғасырдағы алтын қазынасы» атты концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Операда» «Камералық музыканың ХХ ғасырдағы алтын қазынасы» атты концерт өтеді

06.11.2014
«Астана Операда» «Камералық музыканың ХХ ғасырдағы алтын қазынасы» атты концерт өтеді

7 қарашада  «Астана Опера» театрының Камералық залында  «Камералық музыканың ХХ ғасырдағы алтын қазынасы» атты концерт өтеді.

Кеште Қазақ Ұлттық Өнер университетінің солисттері өнер көрсетпек. 

Олардың қатарында «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, халықаралық конкурстардың лауреаты Асқар Дүйсенбаев (скрипка), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов (баритон) бар.  Фортепиано партиясын халықаралық конкурстардың лауреаты Сара Асабаева орындайды.

Кеш сағат 19.00-де басталады. 

Хабарламаларға жазылу