«Астана Опера» сахнасында «Аве Мария» атты концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» сахнасында «Аве Мария» атты концерт өтеді

21.12.2014
«Астана Опера» сахнасында «Аве Мария» атты концерт өтеді

21 желтоқсан күні «Астана Опера» театрының камералық залында «Аве Мария» атты концерт өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі. 

Көрермен назарына әртүрлі стильдегі шығармалар – Жаңару дәуірінен бастап, XX ғасыр композиторларының музыкасына дейін ұсынылады. Қазақстандық музыка сүйер қауым үшін жаңа музыкалық шығармалар орындалып, танымал композициялардың құпия болып келген сырлары ашылады.

«Астана Опера» сахнасында композиторлар: К.В. Глюк, И.С. Бах, Г.Ф. Гендель, В.А. Моцарт, Дж. Каччини, Т. Альбинони, Ф. Шуберт, П. Масканьи, Ш. Гуно, А. Дворжак, К. Сен-Санс, В. Гомес, А Пьяцолла және басқалардың туындылары шырқалады.

«Аве Мария» - «Мария, қуана бер» деген мағынаны білдіреді. Концерт бағдарламасында «Аве Мария» деп бірдей аталатын әртүрлі авторлардың шығармалары және басқа рухани музыканың жауһарлары шырқалады.
 

Хабарламаларға жазылу