«Ұлт мақтанышында» - Нәзір Төреқұлов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлт мақтанышында» - Нәзір Төреқұлов

05.11.2014
«Ұлт мақтанышында» - Нәзір Төреқұлов

Тұңғыш қазақ дипломаты, қоғам қайраткері, тіл маманы, Кеңес одағының Сауд Арабиясындағы алғашқы елшісі Нәзір Төреқұлов бүгін 14.05-те «Ұлт мақтанышында».

Нәзір Төреқұлов қайраткер ғалым ретінде отандық тіл білімі саласына үлкен үлес қосты. Оның «Жат сөздер», «Ұлт мәселесі және мектеп», «Қазақ-қырғыз үшін жаңа әліпби» сынды еңбектері мен өзге де мақалаларында емле, әліпби, терминология жүйесі ғылыми негізде талданып отырады.

Сондай-ақ, қаламгердің әдебиет туралы пікірлері де ерекше. Ол С. Сейфуллиннің «Асау тұлпар», «Бақыт жолына» атты шығармаларына, өзбек каламгері А. Қадыридің еңбектеріне сын жазды.

Өзбектің «Инқилоб» атты журналына жазған ислам діні, жәдитшілдік, Түркістан тарихы туралы мақалалары ғылыми нақтылығымен көзге түседі.

Хабарламаларға жазылу