Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат – Нәзір Төреқұлов жайында жаңа кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат – Нәзір Төреқұлов жайында жаңа кітап жарық көрді

31.05.2019

«Нәзір жолы» деп аталатын жинаққа тұлғаның тағылымды тағдыры, қызметі мен шығармашылығы жайында зерттеу материалдар топтастырылған. Түркістан республикасының атқару комитетінің төрағасы болған ұлы қайраткер қазақтың ғана емес, бүкіл түркі халықтарының сауатын ашуға, ағарту ісіне зор еңбек сіңірген.

1922-27 жылдар аралығында бүкілодақтың баспа ісін басқарып, түркі тектес ұлттардың әліпбиін, газет-журналын миллиондаған тиражбен басып, таратқан.

1928 жылы Кеңес Одағының Сауд Арабиядағы елшісі болып, сол елде 7 жыл 7 ай қызмет еткен.

Ұлт зиялыларын қынадай қырған қанды қасап жылдары Нәзір Төреқұлов та аман қалмайды. 1937 жылдың 3-ші қарашасында атылып кетеді. 

Айыпберген Балтабаев, ақын, жазушы:

Кейбір айларда 16 000-20 000-25 000 ұлт зиялысы атылып кеткен. Оның ішінде біздің ардақтыларымыз Сәкен Сейфуллин, Ілиас Жансүгіров, Бейімбет Майлиндер болған.    

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу