Алматыда қойма өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қойма өртеніп жатыр

03.11.2014
Алматыда қойма өртеніп жатыр

Алматы-Талғар тасжолындағы құрылыс заттары сақталған қойма өртеніп жатыр. Өрт туралы хабарлама таңғы сағат 5:30-да түскен.

"Тілсіз жау" бірнеше контейнер мен қоймаларды, әкімшілік ғимаратты шарпыған. Оқиға орнында жұмыс жасап жатқан жедел қызмет өкілдерінің айтуынша, қойма маңындағы үйлерге де от тиген.

Шамамен өртенген аумақтың көлемі 20-30 шаршы метрді құрайды. Жапа шеккендер жоқ.

Өрт сөндіру қызметі өкілдерінің айтуынша, өрт қойма ішіндегі трактордың ақауынан тұтанған. Cоның салдарынан, бірнеше көліктік техника, КамАз көлігі жанып кеткен.

Қалалық ТЖД өкілдері оқиғаның мән-жайын кейінірек түсіндіруге уәде етті.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу