Шымкентте қойма өртенді: екі көлік пен тұрмыстық техника жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қойма өртенді: екі көлік пен тұрмыстық техника жанып кетті

22.07.2022

Шымкентте қойма өртеніп кетті. Тілсіз жау нысандағы мүлік пен заттарды күлге айналдырды. Атап айтқанда, ағаш материалдар, тұрмыстық техника, тіпті камаз бен жеңіл көлік түгел жанып кетті. Өрт 1800 шаршы метр аумақ жерді шарпыған. Жалынды ауыздықтауға 150 адам мен 40 техника жұмылдырылды. Оқыс оқиға кезінде бір адам зардап шеккен.


Хабарламаларға жазылу