«Жас тұлпар» республикалық байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас тұлпар» республикалық байқауы басталды

02.11.2014
«Жас тұлпар» республикалық байқауы басталды

Байқау қазақстандық патриотизмді дамытуға елеулі үлес қосқан дарынды, белсенді жастарға қолдау көрсетуге бағытталған.

«Жас тұлпар» сыйлығы Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, жастардың жан-жақты дамуына және мемлекеттік тілді, мәдениетті, өнерді, әдет-ғұрыпты, жастар ортасында тарихи мұраны  дәріптеуге, Қазақстанның жас патриоты образын, сондай-ақ, шетелде Қазақстанның беделін арттыруға үлес қосқан қазақстандықтарға беріледі. 

Жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізген 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары сыйлық алуға үміткер бола алады. Сыйлық әрбір аталым бойынша 1 миллион теңге мөлшерінде беріледі. 

Байқау материалдары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Құжаттарды қабылдау – 30 қарашада (құжат алынған күні) аяқталады. 

Хабарламаларға жазылу