Жас драматургтердің республикалық байқауы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас драматургтердің республикалық байқауы жарияланды

26.09.2014
Жас драматургтердің республикалық байқауы жарияланды

М. Әуезов театры жас драматургтердің республикалық «Замандас келбеті» байқауын жариялайды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлайды.

Байқаудың мақсаты – сахнада бүгінгі замандас келбетінің бейнеленуіне, жаңа заманның талаптарына сай – жаңа кейіпкерлерінің шығуына ықпал ету. Сондай-ақ, жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру.

Байқауға пьесалар 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады. Ал, нәтижесі ҚР Тәуелсіздігі күні 16 желтоқсан қарсаңында жарияланады.

Байқау қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған пьесалар театр репертуарына алынып, сахналанады.

Сәтті деген пьесалар авторларына режиссерлермен бірге жұмыс жасап, пьесаны театр сахнасында қою мүмкіндігі қарастырылады.

 

Хабарламаларға жазылу