«Жас тұлпар» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас тұлпар» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтуде

10.12.2014
«Жас тұлпар» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтуде

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығында» «Жас тұлпар» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтуде.

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы қазақстандық патриотизмді дамытуға елеулі үлес қосқан дарынды, белсенді жастарға қолдау көрсетуге бағытталған «Жас тұлпар» республикалық байқауы 2014 жылдың 31 қазанында басталып, тура бір ай жалғасты. Ұйымдастыру комитетіне 230 өтініш түсті.

«Жас тұлпар» сыйлығы Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, қоғамдық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, жастардың жан-жақты дамуына және мемлекеттік тілді, мәдениетті, өнерді, әдет-ғұрыпты, жастар ортасында тарихи мұраны  дәріптеуге, Қазақстанның жас патриоты образын, сондай-ақ, шетелде Қазақстанның беделін арттыруға үлес қосқан қазақстандықтарға беріледі. 

Әрбір аталым бойынша 1 миллион теңге мөлшерінде сыйақы беріледі. 

Хабарламаларға жазылу