«Қазақтелеком» АҚ қазақ әндері байқауын ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақтелеком» АҚ қазақ әндері байқауын ұйымдастырды

31.10.2014
«Қазақтелеком» АҚ қазақ әндері байқауын ұйымдастырды

Астанада «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері арасында «Телеком жұлдыздары» атты қазақ әндері орындаушыларының ақтық бәсекесі өтті.

Мемлекеттік тілді енгізу мен дамыту бағдарламасы аясында ұйымдастырылған байқауға 20-дан астам қызметкер қатысқан.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші орын Атырау облыстық телекоммуникация дирекциясынан (ОТД) келген Аманжол Әбуов пен Эльмира Мырзағалиқызына берілді.

Екінші орынды солтүстікқазақстандық Асқар Тұраев пен Маңғыстау ОТД атынан келген Балия Иламанова мен Айнұр Демесінова дуэті бөлісті.  Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Дархан Көшікбаев үшінші орын иеленді, деп хабарлайды «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу