Тарас Шевченконың туғанына - 200 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарас Шевченконың туғанына - 200 жыл

18.03.2014
Тарас Шевченконың туғанына - 200 жыл

Биыл украин халқының ұлы перзенті ақын, ғалым әрі суретші Тарас Шевченконың туғанына - 200 жыл. Осыған орай, елордада «Оберег» украин этномәдени бірлестігі мен «Қазақстан украиндарының Радасы республикалық заңды тұлғалар бірлестігі мерекелік шара ұйымдастырды.

 
Онда украин халқының ұлттық әндері шырқалып, ақынның өлеңдерінен үзінділер оқылды.
 
Украинаның қазақ жеріндегі алғашқы елшісі.  Тарас Шевченко қазақ мәдениеті тарихында осындай атаққа ие болды. Өйткені ол Украинаның ғана емес, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына да үлес қосты.
 
Тамара Ширмер, «Оберег» украин этномәдени бірлестігінің төрайымы:
Өмірінің 10 жылын Тарас Шевченко Қазақстанда өткізген. Ол Қазақстанды шексіз сүйді. Себебі, біраз еңбегі осы елдің мәдениеті мен әдебиетінен, сондай-ақ, салт-дәстүрінен сыр шертеді.
 
Ғалымның соңында мұра болып 100-ге жуық өлең мен 20 поэма, сондай-ақ, 442 сурет қалды. Оның 250-ден астамы қазақтың даласы мен тарихына, тұрмысы мен табиғатына арналған.
 
Владимир Скрипник, Украина Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшілігіне қарасты қоғамдық кеңестің төрағасы:
Дегенмен, тек Шевченко қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосты деп айтқанымыз дұрыс емес. Қазақ мәдениеті де Шевченко шығармашылығының дамуына әсер етті.
 
Небәрі 47 жасында өмірден озған ақын осылайша әлем әдебиетінің алтын қорына мол туындыларын қалдырып үлгерді.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу