Елордада ұстаздар мен дәрігерлерге арналған «Тыңда» композициялық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ұстаздар мен дәрігерлерге арналған «Тыңда» композициялық кеші өтті

09.03.2021

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Тыңда» атты композияциялық кеш ұйымдастырды. Шараға білім және медицина саласында қызмет етіп жүрген нәзік жандылар мен көпбалалар аналар, мемлекеттік қызметкерлер шақырылған. Кеш барысында Құрманғазының күйі, Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері, Нұрғиса Тілендиевтің музыкасы мен әлем композиторларының туындылары және заманауи әндер орындалды.

Айта кетейік, «Тыңда» композияциялық концерті қайырымдылық шара ретінде өткізіліп отыр.

Хабарламаларға жазылу