Ертең «Астана аруы - 2014» байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Астана аруы - 2014» байқауы өтеді

31.10.2014
Ертең «Астана аруы - 2014» байқауы өтеді

Биылғы байқауда ұйымдастырушылар қатарында ретінде PrimaVera сән агенттігі, «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығы, ТТ компаниясы бар.

Байқау 4 кезеңнен тұрады: таныстыру, дизайнер Қайролла Әбішевтің ұлттық киімімен шығу, би және ТТ брендінің кешкі сән көрсетілімдері.

Ал, үзілісте Қазақстанның эстрада әншілері өнер көрсетеді.

Айта кету керек, бұған дейін болған 3 кастингте 200-ге жуық үміткер қатысқан. Байқауға «Әлем аруы» және «Қазақстан аруы» байқауынның талаптары бойынша қыздардың жасы 16 мен 27 аралығында. Бойлары 168 сантиметрден жоғары.

Байқау Astana-Marriott қонақ үйінде өтеді. 

Сурет: http://www.kazpravda.kz/

Хабарламаларға жазылу