Ресейлік Юлий Ионина «Әлем аруы-2014» атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік Юлий Ионина «Әлем аруы-2014» атанды

11.08.2014
Ресейлік Юлий Ионина «Әлем аруы-2014» атанды

Эквадорда жыл сайынғы «Әлем аруы» дәстүрлі байқауы аяқталды, деп хабарлады Вести.ру.

2014 жылғы байқаудың жеңімпазы - Санкт-Петербург қаласының тумасы ресейлік Юлий Ионина. Тұрмыстағы ең әдемі әйел атану үшін әлемнің әр елінен келген 40 үміткер бақ сынады.

«Мен бәрі ойдағыдай болғаны үшін өте қуаныштымын. Бұл мен үшін де, жалпы ресейлік қатысушылар үшін де үлкен жетістік», - деді Юлий Ионина.

Юлияның жасы 29-да, үш баланың анасы, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Юлий Ионина бизнеспен айналысады және «Сұлулық және қайырымдылық» қорын басқарады. Ол сонымен бірге, «заңгерлік» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алуда.

«Әлем аруы» байқауы 1985 жылдан бері өткізіліп келеді. Осыған дейін ресейліктер онда екі рет жеңіске жеткен: 2005 және 2009 жылдары.

Хабарламаларға жазылу