Ақтауда «Көктем аруы-2014» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Көктем аруы-2014» байқауы өтті

28.03.2014
Ақтауда «Көктем аруы-2014» байқауы өтті
Ақтауда қала әкімдігінің қолдауымен қалалық Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен «Көктем аруы-2014» байқауы өтті, деп хабарлайды aktau.gov.kz.
 
Сайысқа 16-22  жас аралығындағы жоғары және орта оқу орындарының студенттері қатысты. Қатысушылар «Мен қазақ қызымын», «Қыздарға әсемдік жарасады», «Білгенге маржан», «Ана көрген тон пішер» және «Қыз өнерімен көрікті» тақырыптарында 5 кезең бойынша сынға түсті.
 
12 арудың арасынан қазылар шешімімен «Көктем аруы-2014» атағын Маңғыстау өнер колледжінің студенті Қарашаш Нысанова иемденді.
 
Қатысушыларға қаржылай сертификатар мен сыйлықтар табысталды.

Хабарламаларға жазылу