Баян Есентаева Астанада «Қазақ аруы» байқауына кастинг өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баян Есентаева Астанада «Қазақ аруы» байқауына кастинг өткізеді

22.01.2015
Баян Есентаева Астанада «Қазақ аруы» байқауына кастинг өткізеді

Продюсер Баян Есентаева жыл сайынғы «Қазақ аруы» байқауына кастинг жариялады.

«28 және 29 қаңтарда елордада «Қазақ аруы» байқауына кастинг өтеді. Егер сіздің бойыңыз 170 см кем болмаса, шашыңыз ұзын болып, салмағыңыз 55 келіден аспаса, сонымен қатар қазақ тілін жақсы меңгеріп, қазақ халқының әдет-ғұрпын жақсы білсеңіз, біз сізді күтеміз!  Мекенжайымыз: Иманов көшесі, 26, сағат 12.00 - 19.00 дейін. Сәттілік!» - деп жазды ол өзінің Instagram-дағы ресми парақшасына.

Продюсер үміткерлер міндетті түрде шығармашылық номер көрсетуі керек екендігін атап өтті.  Ақпан айында Алматыда да кастинг өтеді. Оның өту мерзімі туралы қосымша хабарланады.

Еске сала кетейік, «Қазақ аруы» байқауы 2010 жылдан өткізілуде.  Жоба авторы - Баян Есентаева. Алғашқы үш жылда байқау Алматы қаласында өткен. Ал 2014 жылы Астанада ұйымдастырылды.

Хабарламаларға жазылу