«Мисс Қазақстан-2014» байқауы Алматыда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мисс Қазақстан-2014» байқауы Алматыда өтеді

13.11.2014
«Мисс Қазақстан-2014» байқауы Алматыда өтеді

«Мисс Қазақстан-2014» атағына үміткер арулар Алматыға жиналды. Финалға дейінгі екі апта ішінде бойжеткендермен дефиле саласының кәсіби шеберлері, хореографтар, визажистер жұмыс істейді.

Алғашқы күндері үміткерлер Қазақстанның белгілі фотографы Данил Олейниктің студиясында ресми фотосессия өткізеді. Сондай-ақ, арулар әлеуметтік және спорттық іс-шараларға қатысады.

Айта кетейік, ақтық сайыс 28 қарашада Республика Сарайында өтеді.

Биылдан бастап, Мисс Қазақстан байқауын өткізу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Әр бойжеткенге ресми сайтта өтінім беруге мүмкіндік берілді. Бірнеше ай бойы Қазақстанның ірі қалаларында кастингтер өтіп, нәтижесінде қазылар ең сұлу деген 100 қызды іріктеп алды. Солардың ішінен тек 5-еуі ғана финалға өтті.

Биылғы байқаудың ерекшелігі - «Қазақстан аруы» атағына лайық қызды анықтауда басымдық дауыс берушілерге беріледі.

Финалда қазылар алқасы: Марат Оралғазин, Әли Оқапов, Луина, Салтанат Бекжігітова және Илья Ильин - қатысушылардың үздік үштігін таңдайды.

Сондай-ақ, жеңімпазға тәж, демеушілер ұсынған сыйлық пен халықаралық сұлулық байқауына жолдамамен қоса ақшалай жүлде беріледі.

Хабарламаларға жазылу