«Рывок» спорттық комедиясымен танылған жас режиссер Қанағат Мұстафин романтикалық комедия жанрындағы «16 қыз» фильмін түсіруді жалғастыруда.
Басты рөлдегі Айжан есімді қыздың рөлін тележүргізуші, әнші Аша Матай сомдамақ. Фильм сюжеті ата-анасы үйлендіруді армандайтын Бауыржан (Берік Айтжанов) есімді жас жігіттің оқиғасы төңірегінде өрбиді.
«Фильмді түсіру туралы идея осыдан төрт жыл бұрын «Дос-Мұқасан» тобының орындауындағы халық әні «16 қызды» тыңдап отырғанда келді. Содан бері Қанағат Мұстафинмен бірлесіп, 8 түрлі сценарий дайындадық», дейді картина продюсері Айдархан Әділбаев.
«16 қыз» фильмінің түсірілімі осыған дейін Баянауылда, Астана, Қарағанды, Талдықорған қалаларында жүргізілді. Қазір соңғы түсірілім жұмыстары Алматы қаласында өтуде.
Туынды 2015 жылдан бастап көрсетіледі.
Фото: Қайрат Әбдірахман