«Құбылай хан» телехикаясына қазақ азаматы да түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Құбылай хан» телехикаясына қазақ азаматы да түскен

29.10.2014
«Құбылай хан» телехикаясына қазақ азаматы да түскен

Ұлттық арна эфирінен дүйсенбі-жұма аралығында көрсетіліп жатқан «Құбылай хан» Қытай елінде үлкен табысқа жеткен қымбат жобалардың бірі екенін бұған дейін де айтқанбыз.

Шыңғыс ханның немересі турасындағы телехикаяның түсірілім алаңы 30 мың шаршы метрді алған. Онда бес жаңа павильон салынып, Моңғол империясы мен Сун патшалығының қамалдары тұрғызылған.

Телехикаядағы негізгі кейіпкерлерді сомдау үшін 20 мемлекеттен 600 актер шақырылыпты. Мөңке ханның бас қолбасшысы Суке рөліне қазақ азаматы бекітілген. Ол – ҚХР-дың Алтай қаласында дүниеге келген Дәлелхан Қадыр есімді қазақ.

Бейжің өнер академиясын актерлік мамандық бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік бірінші дәрежелі әртісі. Дәлелхан Қадыр – миллиардтардың ішінен суырылып алға шығып, талантын мойындатқандардың бірі.  «Шыңғыс хан»,  «Қарлы таудың қас батырлары»,  «Көрікті мекен» сияқты фильмдерге түскен.

Жалпы, «Құбылай хан» телехикаясына  5 мыңнан астам адам қатысқан. Басты образдағы актерлердің  әрқайсысы үлкен іріктеуден өтіп, өз міндетін абыроймен алып шыққан. 

Бас-аяғы 50 бөлімнен тұратын телехикаяның 47-ші бөлімін бүгін 19.30-да Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

Дереккөз: aikyn.kz

Хабарламаларға жазылу