Бүгін Ұлттық арнадан «Құбылай хан» тарихи телехикаясы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арнадан «Құбылай хан» тарихи телехикаясы басталады

25.08.2014
Бүгін Ұлттық арнадан «Құбылай хан» тарихи телехикаясы басталады

Бүгін  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Құбылай хан» атты тарихи  телехикаяның көрсетілімі басталады.

Режиссер Цуй Сиу Миннің 50 сериядан тұратын тарихи драмасы Қытай елінде үлкен табысқа жеткен қымбат жобалардың бірі болды.

Туындыда 5 мыңға жуық актер ойнап, түсірілім жұмыстарына 5 мыңға жуық ат қатыстырылған.  

Бюджеті  шамамен 1,5 миллиард юаньді (ренминби) құраған туынды бұған дейін Қытай, Гонконг, Тайланд, Малайзия, Корея, Тайвань, Вьетнам, АҚШ, Канада елдерінде көрсетілген.

Тарихи драма Шыңғыс ханның Төлейден тараған немересі Құбылай ханның өмірін суреттейді. Сюжет бірнеше онжылдықты қамти отырып, моңғолдардың Юань династиясының құрылуын баяндайды.

Туындыны  сағат 19.30-да  дүйсенбі мен жұма аралығында тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу