«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Құбылай хан» тарихи драмасын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Құбылай хан» тарихи драмасын ұсынады

07.08.2014
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Құбылай хан»  тарихи драмасын ұсынады

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 25 тамыздан бастап, өз көрермендеріне «Құбылай хан» атты жаңа туынды  ұсынады. 

Тарихи драма Шыңғыс ханның Төлейден тараған немересі Құбылай ханның өмірін суреттейді. Сюжет бірнеше онжылдықты қамти отырып, моңғолдардың Юань династиясының құрылуын баяндайды.

Шыңғыс ханның өлімінен кейін таққа оның ұлдары Төлей мен Үгедей таласады. Алайда, хан болып Үгедей сайланады. Бірақ, Үгедейдің әйелі Төрегін үнемі қауіп-қатерде болғандықтан, Төлейге у беріп өлтіреді.  

Себебі, Шыңғыс хан немерелерінің арасында Төлейдің ұлы Құбылайды ерекше көретін.

Әкелерінің кегін қайтармақ болған Мөңке мен Құбылай көтеріліс ұйымдастырды, деп айыпталады.

Алайда, Құбылайдың ерекше қырағылығы мен анасы Соргэгтэнидің данышпандығы арқасында Төлейдің ұрпақтары аман қалады.

Осылайша, Құбылай  Шыңғыс ханнан кейінгі моңғол империясының атақты ханы атанады.  

Біздің анықтама:

Сериалдың атауы: «Құбылай хан»

Жанры: тарихи драма

Шыққан жылы: 2011-2012

Шығарушы ел: Қытай

Режиссері: Цуй Сиу-Мина  

Сериалдың ұзақтығы: 50 серия

Бір серияның ұзақтығы: 42 минут

 

 

Хабарламаларға жазылу