Сұлтанәлі Балғабаев драматург ретінде кең танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұлтанәлі Балғабаев драматург ретінде кең танылды

29.10.2014
Сұлтанәлі Балғабаев драматург ретінде кең танылды

Қазіргі таңда қазақ драматургиясында өзіндік ерекшелігімен танымал болған ірі тұлғалардың бірі – Сұлтанәлі Балғабаев. Ол  1946 жылы мамыр айының 21 күні Қызылорда облысының қазіргі Мұстафа Шоқай ауылында дүниеге келген.

Сұлтанәлі Балғабаев еңбек жолын 1964 жылы туған ауылында шопан болудан бастаған. «Бастау», «Жұлдызың жансын!», «Алтын сағым», «Құм мен қызғалдақ», «Шөл», «Дала мен дария», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Сағыныш пен елес», «Менің әжем сиқыршы», «Өтірік айтпайтын адам» атты прозалық кітаптардың авторы.

Сұлтанәлі  Балғабаев қазақ халқының ұлттық рухани мәселелері, ана тілдің тағдыры, әдебиет пен өнердің бүгіні мен болашағы туралы көптеген публицистикалық мақала жазған. Бұл шығармалары 1998 жылы «Қазақтың қызыл кітабы» деген атпен жеке жинақ болып шықты.

Ол  драматург ретінде де кең танылды. Қазақстандағы театрлардың ішінде оның пьесаларын қоймаған театр жоқ та шығар.

Жазушы турасында «Келбет» бағдарламасының өткен санынан біле жүріңіз.

Хабарламаларға жазылу