Үкімет басшысы жаңа министрлерді таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы жаңа министрлерді таныстырды

02.09.2023

Үкімет басшысы Мәдениет және ақпарат, Сауда және интеграция, Көлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Туризм және спорт министрліктерінің ұжымдарына жаңа басшыларды таныстырды.

Олардың алдында ауқымды жұмыс күтіп тұр. Ішкі сауданы дамыту, тауарлар мен көрсетілетін қызметті ілгерілету бойынша маңызды міндет көп. Көлік-логистика саласын дамытудың маңызы зор. Жол құрылысына ерекше назар аудару қажет. Туризм саласында кемінде 15 ірі жоба іске асуы тиіс. Мәдениет, дін және этносаралық қатынастар, жастар мен отбасы саясаты салаларын дамыту қажет.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу