Қостанай педагогикалық институтында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы дәрісхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай педагогикалық институтында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы дәрісхана ашылды

28.10.2014
Қостанай педагогикалық институтында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы дәрісхана ашылды

Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтында мемлекет қайраткері, ғалым Шайсұлтан Шаяхметов атындағы дәрісхана ашылды.  

Салтанатты шара білім ордасының 75 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды «Қостанай таңы» басылымы.

Дәрісхананың  ашылуына институттың проректоры Тілеген Ахметов, белгілі ақындар Нағашыбай Мұқатов, Серікбай Оспанов және ғалымның туған-туыстары қатысып, жылы лебіздерін білдірді.  

Шайсұлтан Шаяхметов - самбо күресінен спорт шебері атағын алған тұңғыш қазақ, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш  Білім министрі.

Хабарламаларға жазылу