«Шайсұлтан Шаяхметовтың өнегелі өмірі» атты шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шайсұлтан Шаяхметовтың өнегелі өмірі» атты шара өтеді

05.06.2014
«Шайсұлтан Шаяхметовтың өнегелі өмірі» атты шара өтеді
10 маусым күні Астанадағы Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығында Шайсұлтан Шаяхметовтың 75 жылдығына арналған «Шайсұлтан Шаяхметовтың өнегелі өмірі» атты дөңгелек үстел өтеді.
 
Шайсұлтан Шаяхметов – тіл жанашыры, ғалым, қоғам қайраткері, халықаралық «Қазақ тілі»қоғамын құрушылардың бірі   Қазақстан Республикасы Инжинерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Мәскеу халықаралық шығармашылық академиясының толық мүшесі, Американың Гранд Каньон университетінің құрметті профессоры.
 
Ұлтжанды азамат зейнеткерлікке шыққан соң да бойындағы бар білім мен қуатын елге керек іске жұмсап, «Мемлекеттік тілді үйрету» орталығын құрған.
 
Дөңгелек үстелде азаматтың көзін көргендер Ш.Шаяхметовтың қызмет пен ғылымды қатар алып жүргендігі, ұзақ уақыт Қазақстан Министрлер кеңесінде оқу-ағарту саласын басқарғандығы, кейін жеті жыл бойы Білім министрі қызметін атқарғандығы, оның іскерлігі, ұйымдастыру қабілеті, басқарып отырған саланың күрделі мәселелерін шебер шеше білген жөнінде естелік әңгіме өрбітеді.

Хабарламаларға жазылу