Құдайберген Жұбановтың еңбектері Елбасының рухани жаңғыру бағытындағы тапсырмасы негізінде қайта зерттелмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құдайберген Жұбановтың еңбектері Елбасының рухани жаңғыру бағытындағы тапсырмасы негізінде қайта зерттелмек

09.06.2017

«Рухани жаңғыру: профессор Құдайберген Жұбанов мұраларын зерделеудің заманауи бағыттары». Алматыда осындай атаумен алқалы басқосу өтті. Тұтқалы жиында елдің рухани кеңістігіне мол мұра қалдырған Құдайберген Жұбановтың еңбектерін жас ұрпаққа кеңінен таныстыру жайы сөз болды. Себебі, ғалымның еңбектері тіл білімімен қатар, өнер, әдебиет, музыка, мәдениет, және әлеуметтік мәселелерді де қамтиды. Сондықтан, Жұбановтың еңбектері Елбасының рухани жаңғыру бағытындағы тапсырмасы негізінде қайта зерттелмекші. Ал, ғалымның мол мұрасын індете зерттеу үшін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде Құдайберген Жұбанов атындағы дәрісхана ашылды.  

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу