Қостанайда еліміздің тұңғыш Білім министрі Шайсұлтан Шаяхметовке ескерткіш мүсін ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда еліміздің тұңғыш Білім министрі Шайсұлтан Шаяхметовке ескерткіш мүсін ашылды

29.10.2014
Қостанайда еліміздің тұңғыш Білім министрі Шайсұлтан Шаяхметовке ескерткіш мүсін ашылды

Қайраткер бастамасымен тұңғыш рет қазақ тілін дамытудың мемлекеттік құрылымы жасалды.

Ол тоқсаныншы жылдары қазақ тілінің еңсе көтеруіне өлшеусіз үлес қосқан ірі  тұлға, дейді зиялы қауым өкілдері.

Мүсіннің ашылу салтанатына мемлекет қайраткері Кенжеғали Сағадиев, облыс басшылары, ұстаздар мен студенттер қатысты.

Ескерткіш мүсін қойылған Қостанайдағы Павших Борцов көшесі алдағы уақытта, Шайсұлтан Шаяхметов есімімен аталатын болады.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу