4-5 желтоқсан күндері Алматыдағы М.Әуезов театрында Иран Ғайыптың «Қорқыт ата» пьесасы сахналанбақ.
Режиссері - ТМД елдеріне «Мастер и Маргарита» қойылымымен таныс режиссер Йонас Вайктус.
Й.Вайктус Литва мен Кеңес одағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Золотое Руно» және жыл режиссеріне берілетін «Св. Христофор» сыйлығымен марапатталған.
«Мен осы уақытқа дейін Литвада өткенімізге, тарихымызға қатысты спектакльдерді сахналадым. Олардың арасында ел ішінен шыққан жыраулар, салт-дәстүр мен қолөнер шеберлері, суретшілер өміріне арқау болған қойылымдар бар.
Қорқыт – халық емшісі, жырау, ақын, философ. Оның шыңырауға толы өмірі менің халқыма және маған жақын көрінді. Жастар тарихты тереңінен түсінуі үшін осындай рухани азық болатын дүниелерді көріп, тыңдауы қажет, деп есептеймін», дейді режиссер сұхбатында.
Қойылымда 30-ға жуық актер өнер көрсетеді.
auezov-teatr.kz