«Қорқыттың көрі» пьесасының премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қорқыттың көрі» пьесасының премьерасы өтті

04.12.2014
«Қорқыттың көрі» пьесасының премьерасы өтті

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында белгілі жазушы, драматург Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрі» пьесасы көрерменге жол тартты. Қоюшы режиссері – Еуропаға танымал литвалық Йонас Вайткус.

«Қорқыттың көрі» – Қорқыт бабамыздың запырандай ащы аңыз-өміріне арнап қойылған сахналық тұжырымы. Қойылым алма-кезек дүниедегі діндер астасуындағы киелі рухани ұғымның жаназа-реквиемі.

Ықылым замандағы бабалар тарихынан сыр шертетін туындының авторы бұл пьесаны ширек ғасыр бұрын жазған, бүгін театр сахнасынан қойылып жатқанына дән риза.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу