Әуезов театры Венгрияда «Қорқыттың көрі» спектаклін сахналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуезов театры Венгрияда «Қорқыттың көрі» спектаклін сахналады

02.05.2019

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Венгриядағы халықаралық театр фестиваліне қатысып, жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Осымен 6-рет ұйымдастырылып отырған мәдени шарада Германия, Хорватия, Италия, Словения, Ресей, Украина мен Үндістанның үздік театрлары өзара бақ сынасып, тәжірибе алмасты.

Қазақстанның бас театрының ұжымы фестивальда ақын, драматург Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» спектаклін сахналады. Пәлсапалық туынды Қорқыт бабаның күйінішке толы өмірі жайлы жазылған. Бүкіл Шығыс өркениетінің іргетасын қалаған ұлы тұлғаның рөлін актер Дулыға Ақмолда шебер сомдады. Мажар жұрты аңыз тұлғаны сан қырынан танып, қазақстандық әртістердің өнеріне тәнті болды.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу