«Мәтібұлақ» полигонындағы ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери қызметкерлерінің кәсіби сынағы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәтібұлақ» полигонындағы ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери қызметкерлерінің кәсіби сынағы аяқталды

27.10.2014
«Мәтібұлақ» полигонындағы ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери қызметкерлерінің кәсіби сынағы аяқталды

«Отар» 40-шы әскери базасының «Мәтібұлақ» полигонында (Жамбыл облысы) жыл сайынғы ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери қызметшілерінің кәсіби сынағы аяқталды.

Бір апта бойы әскери полигонда 700-ге жуық әскери қызметші сынақтан өтті. Олардың ішінде инженерлер мен байланысшылар да бар, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Сынақта құрлық әскерлерінің негізгі құрамына енетін барлық күштердің өкілдері үздік кәсіптік қасиеттерін көрсете білді. Бұл -  техника мен қару-жарақты қолдану дағдысына, ұрыс жағдайына барынша жақын жағдайда жылдам, нақты және үйлесімді іс-қимыл жасай білуге, жоғары дене даярлығына қатысты.

Сынақ қорытындысы бойынша мотоатқыштар арасында 85395 әскери бөлімінен келген лейтенант Ерік Әлиевтің взводы (бөлім командирі полковник Қуаныш Үштаев) үздік шықты.

Десанттық-шабуылдау взводтары мен теңіз жаяу әскері взводтарының арасында 32363 әскери бөлімінен лейтенант Медет Сәрсеновтің взводына тең келетіндер болмады (бөлім командирі подполковник Айдар Кабденов).

Танкішілер арасында 10810 әскери бөлімінен лейтенант Азамат Қуатовтың взводы ең үздік нәтижелер көрсетті (бөлім командирі подполковник Тұрдалы Тұрғынбаев).

Артиллерия батареялары арасында 32363 әскери бөлімінен капитан Абылай Шілдебаевтың (бөлім командирі подполковник Айдар Кабденов) және 18404 әскери бөлімінен капитан Жасұлан Құсайыновтың (бөлім командирі подполковник Аманғали Жанесов) бөлімшелері «үздік» деп танылды.

Байланыс бөлімшелері арасындағы кәсіптік сынақты 16194 әскери бөлімінен кіші сержант Серік Қайырханның есептобы (бөлім командирі полковник Тілек Әбдірахманов), инженерлік-саперлік бөлімшелер арасында - 75263 әскери бөліміненен лейтенант Нұрсұлтан Төлегеновтің взводы (бөлім командирі подполковник Мұрат Жүсіпов), сондай-ақ, 12740 әскери бөлімінен старшина Мұхит Дабановтың есептобы (бөлім командирі полковник Бақытжан Бүкебаев) табысты көрсеткіштермен аяқтады.

Хабарламаларға жазылу