Алматыда Қарулы Күштер арасында жекпе-жек ұрыстан ашық чемпионат өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қарулы Күштер арасында жекпе-жек ұрыстан ашық чемпионат өтті

24.11.2014
Алматыда Қарулы Күштер арасында жекпе-жек ұрыстан ашық чемпионат өтті

Алматыда ҚР Қарулы Күштерінің жекпе-жек ұрыстан ашық чемпионаты өтті.

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері жекпе-жек өнері шеберлерінің армиялық турнирінде 7 алтын медальмен үздік шықты.

ҚР ҚК Бас штабы бастығының Кубогын 17 команда сарапқа салды.

Турнир қорытындысы бойынша командалық І орынды 14776 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, ІІ орынды  ҚР ҚК Аэротұтқыр әскерлерінің командасы жеңіп алды.

ІІІ орынды ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары иеленді.  

Еске сала кетейік, ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы ұйымдастырған әскери жекпе-жек ұрыс бойынша ашық турнир 22-23 қараша  аралығында өті.

 

Хабарламаларға жазылу