Қазақстандағы Құрлық әскерлері әскери институтына 45 жыл толады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы Құрлық әскерлері әскери институтына 45 жыл толады

25.09.2015
Қазақстандағы Құрлық әскерлері әскери институтына 45 жыл толады

Осы орайда Алматыда әскери оқу орнының қабырғасында әр жылдары әскери институтты тәмамдаған түлектер және білім алып жатқан курсанттар, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері, өңірлік қолбасшылықтар, әскер түрлері мен тектерінің өкілдері, сондай-ақ ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының қатысуымен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Құрлық әскерлері әскери институтының тарихы 1970 жылы Алматыдағы жалпыәскери жоғары командалық училищесін құрудан басталды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы сәттен бастап оқу орнына 12 000-нан аса офицер түсіп, олардың 400-ден астамы батылдығы мен әскери міндетіне адалдығы үшін жоғарғы өкіметтік наградаларға лайықты деп танылды, 50-ден астамы генерал атағын алды.

Бүгін  жартығасырдай уақыт өтсе де институт Құрлық әскерлері үшін білікті офицер кадрларды даярлау бойынша бірден-бір жетекші жоғарғы әскери оқу орны болып саналады.

Курсанттар 16 кафедра және 5 факультет базасында 15 мамандық бойынша білім алады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында Қырғызстан мен Тәжікстанның өкілдері де оқытылады.

Құрлық әскерлері әскери инстиутының курсанттары өз оқу орнының тарихымен шынайы мақтана алады, әр жылдарды оқу орнын аяқтаған офицерлерді құрмет тұтып, олардың дәстүрлерін жалғастырады.

 

 

Хабарламаларға жазылу