Стив Джобс туралы фильмде басты рөлді Кристиан Бейл сомдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стив Джобс туралы фильмде басты рөлді Кристиан Бейл сомдайды

27.10.2014
Стив Джобс туралы фильмде басты рөлді Кристиан Бейл сомдайды

Британиялық актер Кристиан Бейл Apple компаниясының негізін қалаушысы Стив Джобс туралы биографиялық фильмде басты рөлді сомдайды.  Бұл туралы картинаның сценарий авторы Аарон Соркин мәлімдеді.

Түсірілім жақын арада басталады. Туынды Уолтер Исаактың «Стив Джобс» шығармасының негізінде түсірілмек.

Фильмнің қалай аталатыны әрі қашан шығатыны әзірге белгісіз.

«Джобстің рөліне жасына байланысты қазіргі заманғы актер керек. Ол – Кристиан Бэйл»,- деді А. Соркин. Сондай-ақ, бұл рөлге Леонардо Ди Каприоның да кандидатурасы қаралған.

Айта кетейік, Стив Джобс туралы бұған дейін (2013 жылы) «Джобс: қызығу империясы» («jOBS») фильмі экранға шыққан болатын.

 

Сурет: www.starslife.ru

Хабарламаларға жазылу