Болгарияның оңтүстік-батысындағы бес өңірде қалың қардың салдарынан қауіпсіздіктің жоғары деңгейі - қызыл белдік жарияланды.
Аудандарда жол қозғалысы шектеліп, электрбайланыс желілері үзілген, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Қазіргі уақытта елдің София, Самокова, Трояна елді мекені аумақтарындағы 33 мыңға жуық отбасы жарықсыз отыр.
Сонымен қатар, София - Пловдив – Бургас автожолында көлік қозғалысы шектетілді.
Табиғи қатердің алдын алу мақсатында елдің ІІМ жедел штаб құрылды.