Францияда су тасқыны бойынша қауіптің қызыл деңгейі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда су тасқыны бойынша қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

10.11.2023

Францияда төпелеп жауған жаңбырдан басталған су тасқыны күшеюі мүмкін. Мұны осы елдің ішкі істер министрлігі ескертіп отыр. Ал «Метео Франс» ауа райын болжау қызметі Па-де-Кале аймағында қауіптің қызыл деңгейін жариялап, ол жақта жаңбыр тағы құюы мүмкін екенін хабарлады. Елдің солтүстігінде тасқын осы аптаның басынан бері жалғасып жатыр. Одан талай ауыл мен жолдарды су басып, мектептерді жабуға тура келген. Дегенмен әзірге зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу