Болгарияда қар жауып, электр жарығы өшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болгарияда қар жауып, электр жарығы өшті

27.11.2023

Болгарияға қалың қар жауды. Осының салдарынан электр жарығы өшіп, жолдар жабылған. Ел астанасы Софияда ағаштар қалың қарды көтере алмай, жолға құлаған. Оның үстіне жел екпіні күшейді. Елдің кейбір өңірлері сыртпен байланысты үзген. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елде ескертудің «қызыл» түсті белгісі жарияланды.

Веселин Николов, Жол инфрақұрылымы басқармасының қызметкері:

Түні бойы жағдайды бақылауымен болдық. Қар көшіп, ағаштар жолға құлады. Жел күшейді. Бұған қарамастан жолдарды ашық ұстауға барымызды салып жатырмыз.

Арай Төлеген

болгария

Хабарламаларға жазылу