Италияда аптап ыстық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда аптап ыстық

17.07.2023

Италияда аптап ыстық. Елдің кей аудандарында сынап бағанасы +48 градусты көрсетіп тұр. Бірнеше қалада қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Яғни, мұндай ауа-райы тек ересектерге емес, қарт адамдар мен балалар үшін де қауіпті. Ғалымдар күннің осыншама қатты ысуын климаттың өзгеруімен байланыстырады. Зерттеулерге қарағанда, былтыр жазда Италияда ыстықтан 18 мыңдай адам қаза тапқан.


  Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу