Ұлттық арнада - «Он үшінші жауынгер» фильмі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада - «Он үшінші жауынгер» фильмі

26.10.2014
Ұлттық арнада - «Он үшінші жауынгер» фильмі

Кірпияз ақсүйек әрі ақын  Ахмед ибн Фахдлан махаббаты үшін жаза тартып, өркениетті Шығыстан  тағылық жайлаған Солтүстікке, викингтер еліне, жер аударылады. Бұл жердегі ержүрек жауынгерлер жүрген жерін жалмап-жайпап келе жатқан адамжегіштердің құпия тайпасына қарсы соғысқа аттанғалы жатыр екен.

Ежелгі наным бойынша, аң тектес жауды тек 13 жауынгер ғана жеңе алады. Тағдыр жазуымен  дүлей тайпаға қарсы соғысқа  он үшінші жауынгер болып, Ахмед ибн Фахдлан қосылады. Антонио Бандерас, Омар Шариф, Владимир Кулих сынды актерлердің өнерін  «Он үшінші жауынгер» шытырман оқиғалы фильмінен тамашалай аласыздар. Бүгін 00.05-те Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу