«Сіз не дейсіз?» хабарында – Өмірзақ Озғанбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сіз не дейсіз?» хабарында – Өмірзақ Озғанбаев

11.05.2015
«Сіз не дейсіз?» хабарында – Өмірзақ Озғанбаев

Еңбек жолын мектеп мұғалімдігінен бастап, аудандық, қалалық партия комитеттерінде, облыстық «Білім» қоғамдық ұйымында, Маңғыстау облыстық кәсіби-техникалық білім беру басқармасында лауазымды қызметтер атқарған Өмірзақ Озғанбаев бүгінде елдің өркендеуі жолында тер төгіп жүрген  ұлт зиялысы.  Ол  ғылым докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қызметкері.

«Құрмет» орденімен, 8 медальмен марапатталған Өмірзақ Озғанбаев 200-дей ғылыми танымдық мақаланың, 19 кітаптың авторы.

«Сіз не дейсіз?» хабарында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев қонақта.

Хабарламаларға жазылу