«Online Expo-2017» халықаралық байқауы өткізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Online Expo-2017» халықаралық байқауы өткізілмек

24.10.2014
«Online Expo-2017» халықаралық байқауы өткізілмек

Елордада «Болашақ энергиясы: шығарылатын СО2 мөлшерін азайту» тақырыбындағы бірінші халықаралық форум аяқталды.

Шараға энергетика саласының 500-ден аса жетекші сарапшысы, ғалымдар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, мемлекеттік сектор өкілдері қатысты.

Форумда «ЕХРО-2017» стратегиялық контентін әзірлеу қолға алынып,  парниктік газдарды қысқарту, энергия тиімді технологиялар енгізу және тұрақты энергияға жалпы қолжеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық диалог алаңы құрылды.  

Сондай-ақ, форум аясында «Online EXPO-2017» халықаралық байқауын өткізу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ал, «Жасыл» экономика бойынша инновациялар мен жобаларды анықтауға бағытталған байқау ғаламторда өткізіледі. 

Хабарламаларға жазылу